18 Ақпан 2021
590
Қашықтықтан оқытудың маңызы мен тиімділігі
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының алдында ақпараттандырудың негізгі бағыты ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Осы бағытты жүзеге асыруда Қаратау құрылыс-техникалық колледжі ақпан айының 11-12-ші жұлдызында «Қашықтықтан оқытудың маңызы мен тиімділігі» атты оқытушылардың ғылыми-шығармашылық семинар конференциясы өтті.


Қашықтықтан оқытудың алғашқы күндерінен бастап колледж түрлі платформалармен жұмыс жасап, сапалы сабақтары Skype, ZOOM, WhatsApp, Bilimland.kz, Google meet, LearningApps қызметтерін қолдана отырып өткізуде, олардың көмегімен тапсырмалар беріліп, жалпы дамыту жаттығуларының кешендерін өткізілуде, жаттығулардың техникалық элементтерін көрсетіліп және туындаған сұрақтар бойынша кеңес беріледі.
Семинарда қашықтан оқыту технологиясын дамыту мен тарату білімін жетілдіру қарастырылды. Білім сапасын арттыруда Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қашықтан оқытуды дамытудың қажеттілігін тиімді қолдана отырып, колледж педагогтары өз тәжірибелерімен бөлісті. Арнайы пән оқытушысы Т.Ұзақбаев «Қашықтықтан оқыту барысында, оқытушының, үй жағдайында бар ақпараттық техникаларды тиімді пайдалану әдістері» тақырыбында жасаған баяндамасында ақпараттық технологиялардың тиімділігін айтып өтсе, арнайы пән оқытушысы Ж.Нұрлыбаева «Қашықтықтан оқыту кезінде арнайы пәндерде ойын технологиясын қолдану мүмкіншіліктері» атты баяндамасында Quizlet бағдарламасын арнайы пәндерде тиімді қолдану жолдарын түсіндірді. Оқытушы С.Аптауова «Қазақстан тарихы пәнінде сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтерін қашықтықтан оқытуда қолдану», оқытушы Е.Қамысбаев «Экспериментальді түрде сейсмотұрақтыны тексеру», оқытушы Н.Жүзбаев «Виртуалдық зертханаларды пайдалану тиімділігі», оқытушы Б.Медеубаева «Арнайы пәндерде Google meet бағдарламасының тиімділігі» тақырыптарында баяндамалар оқып, тәжірибемен ұштастырып, заманауи сабақтарын көрсетті.

Коронавирус инфекциясы COVID-19 пандемиясының салдары білім жүйесіне әсер етпей қоймады. Колледждің онлайн ресурстары, колледжде онлайн қызметтер, платформалар және сандық білім беру ресурстары колледж білім жүйесінің бір бөлігі болып қала бермек.
Қашықтықтан оқыту жүйесінің рөлі қазіргі таңда білім саласы үшін өте жоғары, себебі бұл жүйе арқылы оқытушыларымыз бен студенттеріміз әлемдік ақпарат көздерімен байланысуға, білімдерін онлайн жалғастыруға, ғылыми және шығармашылық жұмыстарын жетілдіруге, әлемдік ақпарат көздерімен кеңістігінде өздерінің білімдерін шыңдауға зор мүмкіндік алады.