Іс-шараны жүргізуші колледж медбикесі Н.Абдикаримова тақырыптың қоғам үшін бүгінгі таңдағы өзектілігіне тоқталып, оның салдарының әлеуметтік түйткілдеріне қысқа талдау жасады. Келесі кезекте акушер-генеколог Қ.Ділдәбек ерте жүктіліктің себеп-салдарына тоқталып, толық қалыптаспаған ағзаға шараның бітуі екі жақты (анаға да, балаға да) зиянға апарып соғатындығына назар аударды. Сонымен қатар, жүктілікті еріксіз тоқтату қыз баланы болашақта ана болу бақытынан айыруы мүмкін қадап айтып, босану процесінің өзі ауыр болуы мүмкін екендігін ескертті . Оның айғағы ретінде , бүкіл әлем бойынша жылына 70 мыңға жуық жасөспірім қыз бала босану сәтінде көз жұматындығын мәлімдеді.
Психолог Б.Сейдашимова ерте жүктіліктің жылдан –жылға өзекті мәселеге айналуының басты себебі- жыныстық тәрбиенің жеткіліксіздігі,-деп ат басын бұрды. Әрі, көптеген отбасыларда бұл тақырыпиа әңгіме қозғалмайтынына, жабық күйінде қала беретіндігіне өкініш білдірді. Мәселенің күрмеуін шешу үшін, маман ретінде, қыздарға анасымен, ересек жастағы өзге жақындарымен сенімдік қарым-қатынаста болуға, жеке бастың мәселелері туындағанда психолог мамандардың көмегіне жүгінуге, сақтану шараларын ұстануға кеңес берді.
Баяндама соңынан студенттер тарапынан дәрігерлерге сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар берілді.
Іс-шараны жүргізуші Н.Абдикаримова: Қыз балаға қырық үйден тыйым, қала берді есік алдындағы күңнен тыйым деген ұлтымыздың қасиетті қағидасы әр бір қыз баласының бүгінгі күнгі ұстанымына айналу керек, оған ренжу- кер заманға жасалған алғашқы қадам,-деп іс-шараны қазыққа байлады.
10 Қантар 2020
1193