Басқарма мамандары «Снюс» шегуге арналмаған темекі және темекісіз өнімдерін әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салу туралы ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің (2019жылғы 12 желтоқсандағы №7) қаулысын басшылыққа ала отырып, снюстардың темекіден айырмашылығы мен құрамына жан-жақты тоқталып, оны тұтынудың адам ағзасы органдарының функциясына тигізетін зиянына талдау жасады. Сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдер тарапынан оны тұтыну қайғылы жағдайға душар етуі мүмкін екендігін қадап айтты.