29 Қараша 2019
821

«Қазіргі заманғы Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары »

1991 жылдың 1 желтоқсанында жалпыхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.
Н.Назарбаев – «Саналуандылық арқылы – бірлікке» шоғырланған принципі қамтылған, ел бірлігі мен этносаралық толеранттылықтың қазақстандық үлгісінің авторы.
Қазіргі заманның білім беру жүйесі өмір сүру деңгейі жоғары, азаматтық-құқықты және кәсіби мәдениетті қазақстандық қоғамның – тұрақты және қарқынды дамуын сақтауда басты рөл атқаруы тиіс. Білім берудің әлеуетін қоғамды біріктіру, елдің бірыңғай әлеуметтік-мәдени кеңістігін, ұлттық мәдениеттердің және түрлі конфессиялардың тең құқықтарын сақтау үшін қолдану қажет.
Бірыңғай сабақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге арналғанжәне білім беру ұйымдары студенттерінің назарын Ұлт Көшбасшысының ерен еңбектеріне аударуға, жастардың бойында патриоттық және азаматтық жауапкершілік сезімін бекітуге, сондай-ақ өздерінің тұлғалық өсуіне қажетті дағдыларды, көшбасшылық қасиеттерді дамытуға бағытталған.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге Қаратау құрылыс-техникалық колледжінде «Қазіргі заманғы Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» тақырыбында бірыңғай ашық сабақтары лекторлар ретінде беделді қоғамдық пікір көшбасшыларының, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерінің қатысумен өткізілді. Ашық сабаққа Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Талас ауданының Құрметті азаматы, ҚР білім беру ісінің үздігі, ақын, жазушы, сазгер, Нұр Отан партиясының мүшесі Битенова Үміт Қыранқызы қатысты. Ашық сабақты тарих және қоғамтану пәнінің оқытушысы Ауданбек Баяқұлы жүргізді. Сабақ барысында Қазақстан Республикасының Гимні ойналып, оқытушының кіріспе сөзімен басталды.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев туралы бейнероликтер мен презентациялар жасалып, бейнеролик пен презентацияда Елбасы қызметінің барлық жақтары, оның ішінде өмірбаяндық деректері қысқаша көрсетілді.


Одан бөлек, Студенттер 3 командаға бөлініп, олардың әрқайсысы өзінің сайлау алды бағдарламасы бар партия болды. Әрбір партия өз атауын таңдап, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың қызметіне сүйене отырып бағдарлама әзірлеп таныстырды. Бұл үшін топтарға Президенттің қызметі туралы ақпараты бар үлестірмелі материалдар таратылып, басқада ақпаратты интернеттен іздеу ұсынылды. Бағдарламаға қосымша әрбір команда Тұңғыш Президент– Елбасының қызметі бойынша басқа командаларға арналған сұрақтар қойылды. Сабақты ары қарай лектор ретінде қатысқан Үміт Қыранқызы жалғастырып, студенттердің алдында Тұңғыш Президент-Елбасының Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіруін қамтамасыз еткен маңызды халықаралық бастамаларды іске асыру барысындағы стратегиялық көзқарасын, саяси көшбасшылық феноменін зерттеу арқылы көшбасшылық теориясының тарихы мен қазіргі жағдайы туралы, тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуындағы Ұлт Көшбасшысының ролінің маңызы туралы айтып өтті. Білімгерлерге Елбасыға арнаған арнауын оқыса, жалындаған жас жеткіншектеріміз ақынның шығармасынан өлеңдер оқып көрерменге ыстық жол тартты.

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Sign up or login to your account.
Attachments (0 / 3)
Share Your Location