Филал директоры С.Көшкінбаев аудандағы шағын бизнестің дамуына шолу жасап, салалар бойынша ерекшеліктеріне талдау жүргізді.
Бизнес тренер А.Байзатов шағын кәсіпкерліктің аяғына тұру, өрлеу, шарықтау және баяу тарту циклдарына сипаттама беріп, кәсіпкерліктің бұл түріне тән негізгі заңдылықтарды ашып керсетті. Сабақтың негізгі бөлігінде мемлекет тарапынан жастарға арналған гранттар мен жеңілдетілген несие түрлерінің мақсаты мен мазмұнын түсіндірді. Соның ішінде инновациялық жобаларға арналған қомақы сомадағы (3 млн. теңгеге дейін) мемлекеттік гранттың шарттары мен талаптарын жан-жақты өрнектеп, қазыққа байлады.
Іс-шараның қорытынды бөлімінде А.Байзатов: «Әр бір жеке тұлғаның жетістігі жиынтығында мемлекеттік саясаттың оң нәтижесін қалыптастырады. Ал ертеңгі жетістіктің бүгінгі алғы шарты Сіздердің бизнес идеяларыңыз»,-деп қорытты.
Іс-шараны «Кәсіпкерлік негіздері» курсының оқытушылары Ғ.Ибраимов, Н.Асанова және Ж.Изтілеуова ұйымдастырды.
28 Қараша 2019
858