26 Қараша 2019
1185

«Асық ату» және «Бес тас» ойындарынан жарыс

Ұлттық ойынның басты мақсаты: Қазіргі заманның жастарына ұрпақтан-ұрпаққа келе жатқан қазақтың ұлттық ойындарын дамыту, ақыл –ой өрісін кеңейтіп, мәдениеттілік пен адамгершілікке тәрбиелеу. Ұлттық ойын арқылы білімгерлердің арасында достыққа, ұйымшылдыққа, отансүйгіштікке шын мәнінде бағыт беру, оларды әлеуметтік желіден арылту, қимыл-қозғалыс ойындарына көптеп тартып бейімдеу болып табылды.
Білімгерлеріміз ұлттық ойындарымызды дәріптеу мақсатында өте тартысты ойын өткізді. 1405-18-9б тобының білімгері Таубек Әлсейіт, 0707-17-9б тобының білімгері Тұрар Мырзағали сынды жеткіншектер асық атудың шеберлері екендіктерін көрсетті. «Бес тас» ойыны бойынша 1401-17-9б тобының білімгері Әділ Ұлдана мен 1405-19-9б тобының білімгері Әли Еркежан ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын танытты.

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Sign up or login to your account.
Attachments (0 / 3)
Share Your Location