17 Қараша 2019
1079

«Рухани құндылық адам жанының алтын арқауы»


Қаратау құрылыс-техникалық колледжінде туған өлкеміздің рухани құндылықтарын насихаттап, жас ұрпақтың бойына патриоттық, туған жерге деген сүйіспеншілік, отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыруда өз үлестерін қосуға КСРО және қазақстан журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының үздік өлкетаушысы, Республикалық байқаудың лауреаты, Талас ауданының құрметті азаматы Сәулембай Әбсадықов, Талас аудандық мемлекеттік архив басшысы Алмас Мұхтаров, Талас аудандық тарихи өлкетану мұражайының бөлім меңгерушісі Камшат Жарылқасынқызы қатысып алтын сөздің қадірін тілге тиек ететіндей білімгерлерге үлкен пікірталас жүргізді. Аудандық мұражайдан көне заттар мен бұйымдарды алып келіп білімгерлерге таныстырып дүниетанымдарын кеңейтті. Біздің ондағы мақсатымыз «Мәңгілік ел» идеясы мен «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаланың аясында төл дәстүрімізді, әдебиетіміз бен мәдениетімізді жаңғырту, дініміз бен тілімізді өркендету болды.
Кездесу барысында қонақтарымызға қатысушы білімгерлеріміз көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып өздеріне керек жауаптарын алды. Демек, мәдени мұрамызды жаңғыртуға, оларды тиімді қолдануға әрдайым күш салуымыз қажет.

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Sign up or login to your account.
Attachments (0 / 3)
Share Your Location