17 Қараша 2019
788

Жалпы ата-аналар жиналысы

Жиналысты жүргізген директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ.Ибраимов колледждің ағымдағы оқу жылында белгіленген міндеттерімен таныстырды. Әрі осы межелерге қол жеткізу ата-аналардың да үлесін қажет ететіндігін мәлімдеді. Соның ішінде, колледж қабырғасында бұқаралық спортты жандандыру, әлеуметтік әлсіз топтарды (отбасыларды) анықтау , білімгерлердің сабаққа тұрақты қатысуы және бекітілген киім үлгісін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударды.
Сөз тізгінін қолға алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б. Көлбайұлы ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі » атты халыққа Жолдауына тоқталып, жұмыс жоқ деп жүрген жастарға өз өкпесін білдірді. Баяндамасының өзегі ретінде Жолдауда белгіленген қарапайым заттар экономикасы деген жұмыс іздеп мегаполиске жүгіру емес, өз ауылыңда жаныңа жақын жеке кәсібіңді жүргізу деп қадап айтты. Әрі бұл мәселеге байланысты өзінің еңбек жолынан мысалдар келтірді.
Келесі кезекте Талас АПБ ЖПҚ ЮПТ инспекторы , полиция капитаны Ж.Көпжасаров ата-аналарға кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз беймезгіл уақытта жүруінің салдарын түсіндірді.
Іс-шара соңында жауапты тұлғалар ата-аналардың сауалдарына жауап берді. Міне осылай кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды жүк еткен тағы бір іс-шара мәресіне жетті.

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Sign up or login to your account.
Attachments (0 / 3)
Share Your Location