Жастарды болашақтың тірегі болатын, денсаулығы мықты азамат ретінде қалыптастыру керек. Елбасымыз қазіргі жастардың болашағына зор сеніммен қарап, үміт артады. Елбасымыздың қолдауымен 2003 жыл «Денсаулық» жылы болып жарияланғаны белгілі. Бүгінгі таңда барлық іс-шаралар «Рухани жаңғыру» , «Ұлы даланың жеті қыры» аясында өткізіліп келеді. Оған себеп Қаратау құрылыс-техникалық колледжінде Спорт шыңдарының саласын бағындырып жүрген қаракөз қыздарымыздың да жеткен жетістіктері баршылық. Атап айтар болсақ 1305-18-9б тобының білімгерлері Берденова Сабина, Ескермесова Феруза, Арынбай Алтынай көгалдағы хоккейден Қазақстан Республикасының чемпионатында жүлделі орындарға ие болып жүр. Қазіргі таңда қыздарымыз спорттың «Көгалдағы хоккей» түрінен спорт шеберлері. Қыркүйек айында білімгерлеріміз Талдықорған қаласында өткен ҚР чемпионатында тағыда жүлделі II орынды иеленіп, күміс медальдарымен марапатталды. Сіздердің жеңістеріңіз-бұл мақсатқа жете білу, отансүйгіштік және кәсіби біліктіліктеріңіздің айқын белгісі болып табылады.
Қуанышымызға қуаныш қосқан спортшыларымыздың алтын, күміс, қола медальдарын спорттың әр түрінен қанжығаға байлауларының өзі Елбасының спортқа деген ерекше ықыласынан деп білеміз.
Қыздарымызға алдағы уақытта да облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарда одан да әрі табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!
17 Қараша 2019
756