17 Қараша 2019
847

«Рухани жаңғыру кілті – мемлекеттік тілде»

Ашылу салтанатын ерекше форматта өткізу және колледжде сенім атмосферасын біртіндеп құру мақсатында колледж алдында «Ашық жүрек» атты «Адалдық жәрмеңкесі» ұйымдастырылды. Апталықты оқу ісі-жөніндегі директордың орынбасары Анарбекова С.С. және ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі директордың орынбасары Шуленбаева А.Н. ашып берді. Мұнда сатылымда шырындар, сусындар мен пісірілген өнімдер қойылды. Қажетті тауарларды сатып алушы ақшасын арнайы жәшікке салыпкетті. Барлық жауапкершілік осы акция адалдығына есептелген білім алушылардың өзіне жүктелді. Мұндай жобаның ашылуы жастарды адалдыққа, парасаттылыққа үйретеді.
«Рухани жаңғыру кілті – мемлекеттік тілде» атты тіл апталығының жоспарға сәйкес 21-ші қыркүйекке дейін жалғасын таппақ.

Qarataý qurylys-tehnıkalyq kolejinde qyrkúıek aıynyń 16-shy juldyzynda "Jalpy tilder, dene shynyqtyrý jáne BÁD bilim berý pánderi" TsÁK-niń rýhanı jańǵyrý aıasynda "Rýhanı jańǵyrý kilti - memlekettik tilde" atty til aptalyǵynyń ashylýy ótti. Аshylý saltanatyn erekshe formatta ótkizý jáne kolejde senim atmosferamyn birtindep qurý maqsatynda kolej aldynda " Аshyq júrek" atty "Аdaldyq jármeńkesi" uıymdastyryldy. Аptalyqty oqý isi-jónindegi dırektordyń orynbasary Аnarbekova S.S. jáne ǵylymı-ádistemelik isi jónindegi orynbasary Shýlenbaeva А.N. ashyp berdi. Munda satylymdy shyryndar, sýsyndar men pisirilgen ónimder qoıyldy. Qajetti taýarlardy satyp alýshy aqshasyn arnaıy jáshikke salyp ketti. Mundaı jobanyń ashylýy jastardy adaldyqqa, parasattylyqqa úıretedi.
"Rýhanı jańǵyrý kilti - memlekettik tilde" atty til aptalyǵynyń josparǵa sáıkes 21-shi qyrkúıekke deıin jalǵasyn tappaq

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Sign up or login to your account.
Attachments (0 / 3)
Share Your Location