17 Қараша 2019
840

«Сындарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі »


Іс-шараны жүргізген директордың орынбасары Ғ.Ибраимов жолдаудың мақсаты мен мазмұнына тоқталып, сөз кезегін кәсіпкерлер платасының өкіліне берді.
Н.Зекен ҚР Президенті Қ.Тоқаев жастарды еңбекпен қамтуды басты міндеттердің бірі ретінде қадаға байлағандығына назар аударды. Оның дәлелі ретінде жастар кәсіпкерлігіне арнап мемлекет тарапынан белгіленген гранттардың түсін түстеп атын атады. Соның ішінде, 3 млн. теңгелік 16 грант аудан жастарының жеңіп алғандығын ерекше мақтанышпен жеткізді. Сонымен қатар, іс-шараға қатысушы жастарды қазіргі таңда жүріп жатқан «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту және еңбекпен қамту» бағдарламасы аясында 200 АЕК (505 мың теңге) гранттық «бәйгеге» қатысуға шақырды.
Талас жастар орталығының өкілі Президент жолдауының аясындағы кәсіпкерлік бағыттағы бағдарламалар жастардың қоғамдағы өз орнын табуына тағы бір мүмкіндік екендігіне тоқталды, және де осы бағыттағы құқықтық реформаларға түсініктеме берді.


Іс-шараны жүргізуші қорытынды ретінде, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған кәсіпкерлік бағдарламалардың мақсаты жолдауда белгіленген қарапайы заттар экономикасын баянды ету, һәм жастардың экономикалық белсенділігі нәтижесінде жаңа жұмыс орындарын қалыптастыру деп мәселенің түйінін таратты.

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Sign up or login to your account.
Attachments (0 / 3)
Share Your Location