Elordada Ulttyq akademıalyq kitaphanada uıymdastyrylǵan ashyq dıktantqa elimizdiń barlyq óńirlerindegi kitaphanalar men joǵarǵy oqý oryndary, sonyń ishinde Qarataý qurylys-tehnıkalyq koleji de sınhrondy túrde ún qosty. Dıktantqa 1 men 3 kýrs aralyǵyndaǵy kolej bilimgerleri qatysty.Dıktant jazý jarty saǵat ýaqytqa sozyldy. Dıktanttyń qorytyndysy boıynsha sapa kórsetkishi 58,5% kórsetti. Sarapshylardyń naqty deregine súıensek, búginde álem boıynsha kırılıtsany qoldanatyn 11 memleket qana qalǵan. Аl latyn álipbıin qoldanýshy elderdiń sany 120-dan asady. Álem elderiniń 80 paıyzy latyn álipbıin meńgergen.
Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен елімізде латын графикасы негізінде қазақ тілінде «2019 jyl – Jastar jyly» тақырыбында жалпықазақстандық ашық диктант өтті.Елордада Ұлттық академиялық кітапханада ұйымдастырылған ашық диктантқа еліміздің барлық өңірлеріндегі кітапханалар мен жоғарғы оқу орындары, соның ішінде Қаратау құрылыс-техникалық колледжі де синхронды түрде үн қосты. Диктанкқа 1 мен 3 курс аралығындағы колледж білімгерлері қатысты. Диктант жазу жарты сағат уақытқа созылды. Диктанттың қорытындысы бойынша сапа көрсеткіші 58,5% көрсетті. Сарапшылардың нақты дерегіне сүйенсек, бүгінде әлем бойынша кириллицаны қолданатын 11 мемлекет қана қалған. Ал латын әліпбиін қолданушы елдердің саны 120-дан асады. Әлем елдерінің 80 пайызы латын әліпбиін меңгерген.