Іс-шараның шымылдығын директордың өндірістік іс-тәжірибе жөніндегі орынбасары А.Ильясов пен Талас аудандық полиция бөлімі бастығының кадр жөніндегі орынбасары полиция майоры М.Қожахметов ашып, Тәуелсіздіктің әрбір Қазақстандық үшін мәні мен мазмұнына тоқталып, қатысушыларға тартысты ойын мен мәртебелі жеңіс тіледі.
Жарысқа қатысқан төрт команданың ішінен ақтық сында оқытушылар командасымен арадағы үш ойын нәтижесі бойынша (алғашқы екі тур тең аяқталды) айласын асырған полиция қызметкерлері командасы қара үзіп шығып, бірінші орында қанжығасына байлады. Өз қызметі барысында күнделікті шұғыл және жылдам іс-әрекетті талап ететін маман иелерінің бұл жеңісі олардың талапқа сай дайындықта екендігін дәлелдеді.
Бір ғана ойында «әттеген-ай» дегізген оқытушылар командасы екінші орынды иеленді.
Колледж студенттерінен жасақталған екі құраманың бірі «Жастар -1» командасы үшінші орынмен қанағаттанды.
Бұл жарыста студенттер Тұрар Мырзағали, Көшен Диас ойын көркін қыздырып, көп қараның арасында шын тұлпар екендігін растады.Сонымен қатар, өз командасының жеңісіне ерен еңбек сіңірген ішкі істер органдарының ардагері Сағынғали Сапарбеков жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді .
Жарыс соңында колледж әкімшілігі жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен марапаттап, іс-шараны қазыққа байлады.
24 декабря 2019
1182