коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығын басшылыққа ала отырып бос лауазымдарға конкурс жариялайды.
- Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Қаратау құрылыс-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын; Қаратау қаласы, Т.Рысқұлов көшесі №1, тел: 6-24-84; Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
- Педагог-психолог – 1 бірлік
- Жастар комитетінің инспекторы – 0,5 бірлік
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен Педагогикалық лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары сәйкес келуі
- Құжат қабылдау жеті жұмыс күн ішінде жүргізіледі. Мерзімі:26.08.-04.09.2025ж. аралығы
5) Конкурсқа қатысушылар төмендегі көрсетілген құжаттарды тапсыруы қажет:
- осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
- кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
- Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
- психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
- наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
- сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
- осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
- жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
6) Бос лауазым – тұрақты орынға берілді.


