Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 15.08.2023 № 259 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.08.2023 № 343 бірлескен бұйрығын басшылыққа ала отырып бос лауазымдарға конкурс жариялайды.
1) Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Қаратау құрылыс-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын; Қаратау қаласы, Т.Рысқұлов көшесі №1, тел: 6-24-84; Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
2) Химиялық технология бойынша өндірістік оқыту шебері – 1 бірлік
3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен Педагогикалық лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары сәйкес келуі
4) Құжат қабылдау жеті жұмыс күн ішінде жүргізіледі. Мерзімі:9.09.-17.09.2024ж. аралығы
5) Конкурсқа қатысушылар төмендегі көрсетілген құжаттарды тапсыруы қажет:
- бекітілген нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
- кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
- Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама .
* психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
* наркологиялық ұйымнан анықтама;
* сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
* техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
* 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
* тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
6) Бос лауазымдар – тұрақты және уақытша орындарға берілді.