04 сентября 2024
46

Хаттама

                                    № __2__    Х А Т Т А М АСЫ 

 

 Қаратау қаласы                                                                «04» қыркүйек  2024 жыл

                    

Қатысқандар:  

 С.Анарбекова,  А.Шуленбаева, Н.Асанова, А.Ильясов, Ж.Оразбекова, М.Қырғызбаев

 

КҮН   ТӘРТІБІНДЕ:

 

  1. 2024-2025 оқу жылына педагогтардың  бос лауазымына орналасуға жарияланған конкурс туралы.

 

  1. СӨЙЛЕГЕНДЕР:  

         С.Анарбекова, директордың м.а., комиссия  төрайымы – комиссия мүшелерін колледждің  ресми интернет ресурсы колледж сайтына, әлеуметтік желілеріне және  www.enbek.kz  порталына салынған  педагогтардың  бос лауазымына орналасуға жарияланған конкурспен таныстырды.

Бос орындар:

Дене тәрбиесі пәні –  2 бірлік

Арнайы техникалық пәндер – 1 бірлік

Арнайы химиялық технологиялық пәндер –  1 бірлік

Химиялық технологиялық жұмысшы тобына өндірістік оқыту шебері – 1 бірлік

Тамақтардыру ісі бойынша арнайы пәндер – 1 бірлік

         2024 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының 157 тармағына сәйкес мемлекеттік ұйым кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Ақпараттық сервисі арқылы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне, сондай-ақ педагог мәртебесі туралы Заңнаманы бұзу туралы сұрау салуды Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету аумақтық департаментке сұраныс жолданған болатын.

      Осы қағидалардың 154 тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардың құжатарын қарап шықсаңыздар.

- дене шынықтыру пәні бос лауазымы  бойынша үміткерлер:  Киргизбаев Нариман Оразтаевич.

- Басқа кандидат жоқ.

- Химиялық технологиялық жұмысшы тобына өндірістік оқыту шебері бос лауазымға үміткерлер:  Ургеншибаева Жайна Тлекабулкызы

- Басқа кандидат жоқ.

 Комиссия мүшелері мен үміткерлер арасында сұрақ-жауаптар жүргізілді.

          Кеңес мүшелері күн тәртібіндегі  сұрақты талдай келе, кандидаттардың құжаттарын қарай отырып төмендегідей шешім қабылдады:

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      ШЕШІМ:

 

  1. Төмендегі аты атлған үміткерлер конкурстан өтті деп есептелсін, жұмысқа қабылдауға ұсынылсын.

- дене шынықтыру  пәні оқытушысына  Киргизбаев Нариман Оразтаевич

- Химиялық технологиялық жұмысшы тобына өндірістік оқыту шебері лауазымына  Ургеншибаева Жайна Тлекабулкызы

  1. Конкурстың нәтижесі колледждің Интернет-ресурсында, немесе әлеуметтік желілерінің ресми аккаунтында жариялансын.

3.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының 129 тармағын (оқу жылының басында бос лауазымға тиісті кандидат айқындалмаған жағдайда, оқу жылы ішінде бос сағаттар білім беру ұйымының педагогтері арасында бөлінеді және (немесе) уақытша педагог және (немесе) қос қызмет атқаратын педагог қабылданады)  негізге ала отырып, тиісінше іс-шара қабылдансын.

                                                 

Аталған ұсыныс бойынша дауыс беріліп, бірауыздан келісілді.

Комментарии (0)

Пока нет коментариев

Оставьте свой комментарий

Sign up or login to your account.
Вложения (0 / 3)
Share Your Location