16 ноября 2022
31
«Жұмыс беруші күні» мерекесіне арналған іс-шара
орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында «Жұмыс беруші күнін» өткізу тұжырымдамасы негізінде іс-шара өткізілді. Іс-шараға барлық мамандықтардан кәсіптік және дуальды оқыту бойынша 3-жақты келісім-шарт жасалған мекеме, кәсіпорын басшылары, аудан, қала әкімшілігі, аудандық жұмыспен қамту орталығы, кәсіпкерлік бөлімі мен кәсіпкерлер палатасының басшылары, колледж ұстаздары мен бітіруші түлектері және аудандық «Талас тынысы» газетінің тілшісі қатысты.
«Дөңгелек» стол негізінде өткізілген іс-шараны кіріспе сөзбен ашқан колледж директоры Докторбек Манатбекұлы келген мекеме басшылары мен өкілдеріне колледждегі қамқоршылық, индустриальдық кеңестерінің, «Жас маман» жобасы бойынша қондырғыларды орналастыру, пайдалану кеңестерінің төрағалары және мүшелерінің жұмыстарына, сонымен қатар, колледждің білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және өзектендіруге қатысуда, мақсатты кадр даярлауда келісім-шарт жасауда, кәсіптік және дуальды оқытуда студенттерге тәжірибе орындарын дайындауда, арнайы пән оқытушылары мен оқыту шеберлерінің тағылымдамадан өткізуде, Мемлекеттік және демонстрацялық біліктілік емтихан төрағалары мен мүшелері қызметтерін атқаруда, түлектерді жұмысқа орналастыруда колледжбен тығыз байланыста болып келгендері үшін колледж әкімшілігі атынан ыстық ықыласын білдіріп, рахметін айтып, іс-шараның мақсаты мен міндетін түсіндіре келе, ойда жүрген ұсыныс, тілектерімен бөлісіп отыруға шақырды.
Алғашқы сөз кезегін алған аудандық кәсіпкерлер бөлімінің директоры Ауданбек Жүзбосынұлы 2023 жылдан бастап Талас ауданы, оның ішінде Қаратау қаласына шет мемлекеттерден салынатын инвестиция және Талас ауданын химия саласында өндірістік аймаққа айналдырудың перспективалық жоспары жөнінде мәлімет бере отырып, жұмысшы, техник мамандықтары бойынша 500-ден аса жұмыс орындарының ашылатынына тоқталды.
