18 октября 2022
22
«Өмір сен қымбатсың»
тақырыбында студент –жастарға арналған, еркін форматта, кездесу өтті. Іс-шараға Талас аудандық орт. ауруханасының психолог мамандары Аида Байдарбекова мен Айгерім Елубаева қатысты.
Модератор бөлім меңгерушісі Ғ.Ибраимов тақырыптың өзектілігі ретінде әлемде әр 40 секунд сайын өзіне-өзі қол жұмсалатындығын, соның ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы суицид саны бойынша Қазақстан Республикасы Әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылатындығына назар аударды.
Сөз кезегіне ие болған А.Байдарбекова бұл мәселенің қазіргі таңда мемлекеттік деңгейде өзекті мәселеге айналғандығына назар аударды. Қазақстан бұл статисткада екі-үш жыл бұрын ғана бесінші орында болғандығын, әрі жастар арасындағы өзіне –өзі қол жұмсау көрсеткіштерінің мүлдем ауыр екендігін мәлімдеп, мұндай әрекеттерге бару себептері мен салдарына тоқталып, талдау жасады. Сөз соңында, өмірінде туындаған кедергіні еңсере алмаған кез –келген тұлға өздеріне хабарласуға болатындығын қадап айтты.
А. Елубаева студенттер арасынан бірнеше тұлғаны ортаға шақырып «Отбасы және ондағы байланыстар» атты тренинг өткізді. Нәтижесі бойынша қатысушылар тарапынан орын алған кемшілік ретіндегі әрекеттерді талдады.
Қатысушылар студенттер тарапынан орын алған сұрақтарға жауап берді.
Модератор іс-шараның қорытындысын ақын М.Шахановтың төмендегі өлең жолдарымен өрнектеді:
Көтер, қане, басыңды!
Қалай бұның,
Мұз боп еріп кеткен бе бар айбының?
Көтер, қане, басыңды!
Күніңді босқа өткізіп пе едің,
Тағдырың неге сыр айтты сараң?
Өмірдің барлық сәтсіздіктерін
Бақытсыздық деп кім айтты саған?
Қиналып бекер алаңдадың-ау.
Ойыңды шығар өріске.
Өзің-ақ айтшы ғаламда мынау.
Жеңудің бәрі жеңіс пе?
Жігітке арман жеткізіп пе еді
Өз сорын өзі жеңбесе.
Өмірдің барлық сәтсіздіктері
Бақытсыздық емес, ендеше
