13 сентября 2022
22
«Бастапқы кәсіптік дағдыларды қалыптастыру» өндірістік тәжірибелері
мамандығының 0816-19-9б тобының 4 курс студенттері 1.09.2022ж-14.09.2022ж. аралығына «Технологиялық» 15.09.2022ж-21.09.2022ж аралығына «Бастапқы кәсіптік дағдыларды қалыптастыру» өндірістік тәжірибелерінен өтуге Talas Investment Company» ЖШС-не жіберілді. Мекемеден бекітілген өндірістік жетекші, «Еңбекті қорғау, еңбек қауіпсіздігі, өндіріс қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау» бөлімінің басшысы Оспанов Жарылкасын Қыдырбекұлы алғашқы 3 күн арнайы техника қауіпсіздігі жөнінде инструктаж өтіп, мекеменің толық ішкі тәртібімен, оның ішінде ұялы телефон қолданылмайтынын қатаң ескертсе, мекеменің инженер-экологы Әбу Ербол Айдуллаұлы студенттерге химия өндірісінің технологиясы жөнінде түсіндірме сабақ өтіп, соңында тест қабылдады. Нәтижесінде студенттер кадр бөлімінің бұйрығымен цехтарға бөлініп, тәжірибелерін өндіріс орындарында жалғастыруда.
Ильясов Алмас Төребайұлы, директордың «оқу-өндірістік ісі» жөніндегі орынбасары.
