01 сентября 2022
29

«Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық»

туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, еңбекке деген махаббат сезімін ояту мақсатында бүгін 1 қыркүйек Білім күніне орай, Қаратау құрылыс-техникалық колледжінде «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өтілді. «Білімді әрі саналы ұрпақ тәрбиелеу – бұл аса маңызды мемлекеттік міндет. Еліміздің болашағы дарынды, отаншыл жастардың қолында болуы керек. Солай боларына кәміл сенеміз. Абай атамыз айтқан «Бес асыл іс» адам бойындағы ізгі қасиеттерге жол ашса, Мұқағали ақын жырлаған «Үш бақыт» ұрпақтарды Отанға, халқына, туған тілге деген сүйіспеншілікке жетелейді. Тәрбие сағатында ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерiмiздi жаңғыртып, оны алға бастырып қана қоймай, экономикасын, ғылымын да дамытуға, жiгерлене ел үшiн еңбектенуге, Отаншыл халық жастары болуға, жаңа заман тәуелсiз ел мұраты-жастардың бiлiмi мен бiлiктiлiкке талпынып әрекеттенулеріне ,еңбектенiп өсулеріне бағытталған пікірлер айтылды. Сондықтан қазақтың әрбір жас жүрегі өзінің туған Отаны – Қазақстанын жанындай сүйіп, танып, оған табынып өсуі қажет. Сонда ғана жас ұрпақ бойында патриоттық сезім ұялап, келешегіміз кемелдене түспек.

Возможно, это изображение 9 человек, люди стоят и в помещении

Комментарии (0)

Пока нет коментариев

Оставьте свой комментарий

Sign up or login to your account.
Вложения (0 / 3)
Share Your Location