Балалар жылына арналған Жамбыл облысының студенттері арасында "Jastar Fest-2022" облыстық спартакиадасы өтті. Спартакиаданың мақсаты: спортқа жақын студенттерді спортпен шұғылдануға тарту, олардың бойына спорт арқылы Отан сүйгіштік сезімді қалыптастыру, спорт арқылы саламатты өмір салты қағидаларын енгізу, спорттық ойындарды насихаттау және балалар жылын атап өту. Спартакиадаға арнайы орта білім беретін оқу орындарының студенттері және жоғары оқу орындарының тек 1-2 курс студенттері қатысты. Ережеге сәйкес Қаратау құрылыс-техникалық колледжінің студенттерінен бір құрама команда жасақталып жарысқа қатысты. Спартакиаданың бағдарламасына сай колледж құрама командасы спорттың 7 /жеті/ яғни, кіші футбол, волейбол, үстел теннисі, армрестлинг, асық ату, жеңіл атлетика және эстафета түрлерінен бақ сынасты. Нәтижесінде колледждің құрама командасы қыздар арасында армрестлингтен Антипова Полина -1 орын, эстафета 60 метрге жүгіруден Саипова Элина , бадамбаева Ванэсса, Боранбай Абылай Касимов А -2 орын, асық атудан Шалғынбек Шерхан, Әжібай Нұр, Шынарбек Бақберген -1 орынды иеленді. Спартакиаданың жалпы қорытындысы бойынша колледждің құрама командасы командалық есеппен 2 орынды иеленіп қайтты. Спорт сүйер жастарымызға тек сәттілік тілейміз!