10 июня 2022
61
«КОЛЛЕДЖДЕ ӨТКЕН ДӘСТҮРЛІ X-шы ЖӘРМЕНКЕ»
- бүгінгі буынның болашақ ұрпаққа аманаты, яғни, жастарды жұмысқа орналастыруға арналған бағдарламасы аясында, 2022 жылы бітіруші түлектерді жұмыспен қамту мақсатында Қаратау құрылыс-техникалық колледжінде 2022 жылдың 9 маусымында дәстүрлі ««КОЛЛЕДЖ – ТҮЛЕК – ЖҰМЫС БЕРУШІ»» тақырыбындағы X-шы жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеде 8 мамандық бойынша бітіруші түлектерді мүмкіндігінше жұмысқа орналастыру қарастырылды.
Олар: Құрылыс және «газ-шаруашылық» техниктері, «химия» технологтары, «автомехан-иктер», «техник-бағдарламашылар» техник-электриктер, және жұмысшы мамандықтары дәнекерлеушілер және аспазшылар.
Жәрмеңкеге түлектерді жұмыспен қамту мақсатында алдын-ала хабарланған облыс, аудан көлеміндегі ірі 20-дан аса мекеме, кәсіпорын басшылары мен аудандық жұмыспен қамту орталығы мен кәсіпкерлер палатасының және «Жастар» ресурстық орталығының басшылары қатысты. Жәрмеңкені кіріспе сөзбен ашқан колледж директоры Д7 Маселбеков өткен оқу жылы бітірген түлектерді жұмысқа орналастыруда қолдау көрсеткен барлық мекеме басшылары мен аудандық жұмыспен қамту орталығы басшысына рахметін айтып, өткен жылғы түлектерді жұмысқа орналастыру 90 % көрсетсе, оның 47 % өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналастырылғанын айтып, жәрмеңке жұмысына сәттілік тіледі.
Жәрмеңке барысында аудандық жұмыспен қамту орталығы тарапынан ЖАСТАР ТӘЖІРИБЕСІ» бағдарламасы, «АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС ОРНЫ» жобасы және жаңа жоба - «ҰРПАҚТАР КЕЛІСІМ ШАРТЫ» және «КҮМІС ЖАС» жобаларының «Еңбек» бағдарламасы негізінде 16 жұмыс орнын ұсынса, «Игілік» КММ, «Казфосфат» ЖШС, «Шолақтау» ТКӨК, «Атамекен-Мрамор-Көктал» ЖШС тарапынан электриктер, дәнекерлеушілер, тау-кен электромеханигі, слесарьлар, газ шаруашылығы техниктеріне, аудандық «Электр желісі» ЖШС электриктерге жұмысқа шақырса, ауданды тұрғын үй шаруашылығы бөлімі тарапынан жастар практикасы арқылы «жас маман», «маман» қызметтеріне және «Talas imvestment company» ЖШС химик-лаборант және слесарь, дәнекерлеуші, тас қалаушы мен ағаш ұстасына, ал Тараз қаласынан келген «Фортис Констракшн» ЖШС өкілі құрылыс мамандықтары бойынша бітірушілердің барлығын тас қалаушы, құрғақ құрылыс, сылақ, паркетші, бетоншы жұмыстары мен құрылыс шеберіне жұмысқа шақырып, бітіушілерді барлығы70-ден аса жұмыс орындарына шақырылды.
Жалпы жәрмеңкенің қорытындысы бойынша мекемелер тарапынан 90-ға жуық ваканттық орындарға жұмыстар ұсынылды.
