20 июня 2022
124

Демонстрациялық емтихан

1405.000 «Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану» мамандығының 4 курс студенттеріне қорытынды аттестаттау демонстрациялық емтихан форматында ұйымдастырылып, өткізілуде. Демонстрациялық емтихан колледж қабырғасында кезекті үшінші жыл жоспарға сәйкес өтуде. Алдағы екі жыл қатар 1405.000 «Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану» мамандығының студенттері тарапынан өткізілген емтихан нәтижелері жоғары баллмен бағаланған.
Емтиханның дайындық кезенінде оқытушылар мен әлеуметтік серіктестері «Интергаз орталық Азия» АҚ Тараз филиалының Талас газ шаруашылығы мекемесінің жетекші мамандарының қолдауымен демонстрациялық емтиханның тапсырмаларына бағалау құжаттарының жиынтығы дайындалып, келісілген. Демонстрациялық емтихан WorldSkills талаптарына сай жасақталды, ол үш модульді 18 сағат бойы орындалатын тапсырмалармен жоспарланды.
Бірінші күні аталған мамандықтың студенттеріне «газ объектілері мен жабдықтарын пайдалану технигінің» атқаратын функциялары негізінде бірінші модуль тапсырмалары бойынша қоғамдық (мейрамхана) ғимаратты газбен жабдықтау жүйесінің жоспарын графикалық AUTOCAD ақпараттық бағдарламаны қолдану арқылы қойылған критерийлерге сәйкес орындалу талап етілді.
Бірінші күн нәтижесінде сарапшылар тарапынан бағалау форматы жазбаша жүргізіліп, бағаланған нәтижелері CIS бағдарламасына енгізілді.
Демонстрациялық емтихан қатысушыларға сәттілік тілейміз!
Возможно, это изображение 4 человека, люди стоят и в помещении
 
Возможно, это изображение 1 человек
 

Комментарии (0)

Пока нет коментариев

Оставьте свой комментарий

Sign up or login to your account.
Вложения (0 / 3)
Share Your Location