Тәуелсіздік ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қолжеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 30 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелінен аман өтіп келеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке. Осынау жүрекжарды қуанышты күндері Қаратау құрылыс-техникалық колледжінің белсенді жастары тамаша мерекелік іс-шара ұсынды. Одан бөлек, колледжде талай жыл жұмыс жасап, еңбегінің нәтижесін көрсете білген әріптестер облыс әкімінің Алғыс хатымен, білім басқармасының Құрмет грамотасы және Алғыс хаты, Талас аудандық Мәслихатының Құрмет грамотасымен, Талас ауданы әкімінің Құрмет және Алғыс хатарымен сондай ақ облыстық кәсіподақ ұйымы филиалының Алғыс хаттарымен марапатталды. Мерекелік марапаттау рәсімі колледждің қоғамдық жұмыстарына қатысқаны және спорттағы жетістіктері мен оқу процесінде ең жақсы көрсеткіш көрсеткен студенттерімен жалғасты. Тұғырлы Тәуелсіздігіміз құтты болсын!