14 декабря 2021
164
«Ең дәмді пицца!» конкурсы
2021 жылдың 10 желтоқсан айында Қаратау құрылыс- техникалық колледжінің жатақхана қабырғасында «Ең дәмді пицца!» конкурсы өтті. Конкурсқа жатақхана студенттерінен құралған «Жалын», «Қыран», «Жүйрік», «Адалдық» командалары сайысқа түсіп, өз шеберліктерін көрсетті. Конкурс бағдарламасы 5 кезеңнен тұрды. Конкурс барысында командалар әр кезең тапсырмаларын тиянақты орындап, сұрақтарға жауап берді. Қатысушылар қазылар алқасын үй тапсырмасы бойынша дайындаған тағамдарымен де тамсандыра алды. Конкурс бойынша 1-ші жүлделі орынды «Қыран» командасы иеленді. 2-ші мен 3-ші орындар «Адалдық» және «Жүйрік» командаларына бұйырды. Соңында барлық қатысушылар дипломмен марапаттап, сыйлықтар табыс етті. Алдағы уақытта осындай конкурс жатақхана салтына айналады деген үміттеміз.
