07 декабря 2021
152

"ХХІ ғасырдағы ислам діні"

Талас аудандық ішкі саясат бөлімінің теолог маманы Жанұзақ Әнебеков «ХХІ ғасырдағы ислам діні. Қоғамдық тәртіп- өмір әліппесі» тақырыбында студент-жастармен кездесу өткізді.
Іс –шара барысында баяндамашы ислам дінінің негізгі қағидаттарын түстеп, кімге де болса өлім тілеу дінімізге жат жағдай екендігін атап өтті. Сонымен қатар, Таяу шығыстағы жанжалдардың аяқталуы жастардың адасуын доғаратындығын білдірмейтіндігін назар аударып, бүгінде Ауғаныстандағы мемлекет билігінің әсіре діндарларға өтуі ел шетінде діни жат пиғылдылардың «түтінін тұтатуға » негіз болуы әбден мүмкін екендігін ескертті. Сондықтан, ертеңгі тыныш өмірге бүгін қамдану қажет деп мәлімдеді. Осы бағытта, дінді танимын деп, қанатыңды от қақтаудан аулақ болу үшін , ҚР дін істері басқармасымен және Бас муфтиятпен әзірленген ресми сайттардың аттарын атап, түсін түстеді.
Іс-шараның екінші бөлігінде бөлім меңгерушісі Ғ.Ибраимов жастар бойындағы мінез-құлықтың «көлеңкелі» тұстары ретінде кейінгі кезде тренге айналып бара жатқан темекіге, соның ішінде электронды темекі бұйымдарына, құштарлықтың көктеуіне өкініш білдірді. Бұл бағытта, электронды темекінің құрамындағы никотиннің 2,5 есе жоғары болуы, әрі ешқандай сертификатының болмауы көңілдегі күдікті қоюландыратын мәселелердің бірі болып табылатындығына назар аударды.

Комментарии (0)

Пока нет коментариев

Оставьте свой комментарий

Sign up or login to your account.
Вложения (0 / 3)
Share Your Location