2011 жылғы 10 желтоқсанда парламент сенатының толық отырысында «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңына толықтырулар енгізу туралы» заңнамасына қол қойылды. Қазақстан Республикасының алғашқы президент күнін атап өту Қазақстан Республикасының президенті — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет алдындағы дүр жетістіктерін тану мақсатымен ұйымдастырылған. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – халқы жасның бағына туған дара да дана тұлға, көреген көшбасшы, сарабдал саясаткер. Тәуелсіздіктің көк байрағы биікте желбіреп, ата-бабаларға арман болған азаттықтың ақ таңы арайлап атқалы билік тізгінін берік ұстаған Елбасының өмірі мен еңбек жолы сондықтан да көпке үлгі, өскелең ұрпаққа өнеге екені айдан анық. Бұл – Көзі ашық, көкірегі ояу, санасы азат, ойы озық жаңа буынға Мемлекеттілікті сақтап, Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету осы ұрпаққа жүктелетін тарихи миссия деп санады. Осы орайда, жаңа дәуірдегі қазақстандықтарға бағдар болатын «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын ұсынды. Осы жиынтығын насихаттау барысында бүгін колледжде «Елдіктің жеті тұғыры» атты студенттермен кездесу өтілді. Кездесуге «Фортис Констракшн» ЖШС техникалық директоры Байболов Бекмұрат Рымтайұлы мен ардагер ұстаз Раушан Елубайқызы шақырылды. Кездесу барысында колледж директоры Докторбек Манатбекұлы мен бөлім меңгерушісі Ғани Амангелдіұлы шақырылған қонақтармен бірге Елбасының жастарға жасаған үндеуін талқылап, студенттермен өзекті пікірталас орнатты. Жиын соңы айтыскер ақын, Нұржан Өмірбаевтың «Мен қазақпын» өлеңімен жабылды.