30 ноября 2021
177

"Жомарт түлек-2021"

"Жомарт түлек-2021" кездесуі өтті. Аталған кездесу колледж қабырғасынан білім алып , бүгінде еліміздің әр саласында жетістікке жеткен тұлғалардың өмір жолын жастарға насихаттау, түлектерді білім алған ордасының әлеуметтік мәселелерін шешу бойынша шаралар қабылдауға тарту мақсатында ұйымдастырылды. «Жомарт түлек-2021» кездесуін колледж директоры Маселбеков Докторбек Манатбекұлы ашып, шараның маңызына тоқталды. «Басты мақсат – түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген елімізге белгілі түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету, және әлеуметтік мәселелерін шешуге атса­лысуға тарта отырып жақсы бастамаларды жүзеге асыру жолындағы өмірлік тәжірибелерімен бөлісу және әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру. Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері колледж қабырғасын неше мыңнан астам түлек бітірген. Олар­дың көпшілігі қазіргі таңда әр мекемеде қызмет атқарып, елінің білікті де білімді азаматтары. Кездесу барысында түлектер өздерінің студенттік кездерін қызықшылыққа толы кезеңдерді еске алып, маман иесі болып жұмыс жасап жүрген кездеріндегі бастарынан өткен қиыншылықтарға төзіп, алға қарай қайтпай қайсарлық жасағандары туралы әңгіме өрбітті. Кездесу со­ңын­да ҚР Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай колледж директоры түлектерді Алғыс хатпен марапаттады.

Комментарии (0)

Пока нет коментариев

Оставьте свой комментарий

Sign up or login to your account.
Вложения (0 / 3)
Share Your Location