26 октября 2021
145
"Мәңгілік елдің -адал ұрпақтары"
Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің базасында 2021 жылдың 20 қазан күні "Саналы ұрпақ" еріктілер клубының қызметін жандандыру, жастардың бойында рухани адамгершілік және патриоттық тәрбиені, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында "Мәңгілік елдің -адал ұрпақтары" атты облыстық I Слеті өтілді. Слеттің өткізілу шарттары 3 бағыттан тұрды. 1. "Жемқорлықсыз қоғам бейнесі" атты сурет байқауы; 2. "Адалдық асыл мұрат" атты эссе байқауы; 3. "Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі" тақырыбында театрландырылған сахналық қойылым байқауы-топтық қатысу. Аталған Слетке колледждің "Саналы ұрпақ" клуб мүшелерінің белсенділері қатысып, өз білімдері мен өнерлерін көрсетіп нәтижесінде "Жемқорлықсыз қоғам бейнесі" атты сурет байқауында 1401-20-9б тобының студенті Антипова Полина III- дәрежелі және "Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі" тақырыбында Томан Акнур, Нысанбек Асанәлі, Ибаділда Гулайым, Тілеуберді Фархат, Үсейін Мерейім, Жаналиев Есендер театрландырылған сахналық қойылымды көпшілікке насихаттап III- дәрежелі дипломдармен марапатталса, Өмірәлі Дамира, Смайыл Аружан белсене қатысқандары үшін Алғыс хатпен марапаттталды. "Саналы ұрпақ-жарқын болашақ" ұстанымын өскелең ұрпағымыз саналы азамат ретінде еліне адал қызмет ететін, патриоттық сезімі жоғары тұлға болатынына кәміл сенеміз.