16 октября 2021
169
«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ»
«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында екінші және үшінші курс студенттермен кездесу өтті. Іс-шараны жүргізген бөлім меңгерушісі Ғ.Ибраимов, әңгіменің әлқисасы ретінде,Transparency International халықаралық үкіметтік емес ұйымының рейтингісінде (индекс восприятия коррупции) 2020 жылдың қорытындысында Қазақстан жемқорлық деңгейі бойынша 180 елдің ішінде 100ден 38 балды иеленіп 94 орынға орныққандығын, өткен жылда 113 орында болғандығын қадап айтып, тақырыптың өзектілігін өрнектеді.
Іс-шараның қонағы «Талас адалдық алаңы» кеңсесінің маманы Л.Якименко сыбайлас жемқорлықтың түрлерін түстеп, күнделікті өмірдегі көрінісін сипаттады. Сонымен қатар, мемлекет және қоғам болашағы үшін сыбайлас жемқорлықтың қауіпі мен зардаптарына талдау жасады. Іс-шара соңында аталған зауалдың қызуы төмендеу үшін бүгінгі таңда оған тамызық тастамаудың басты мәселенің бірі екендігіне назар аударды.

