13 октября 2021
148

Төтенше жағдайдың алдын алу және төтенше жағдайдағы қауіпсіздік әрекеттері

, жоспарға сәйкес, төтенше жағдайдың алдын алу және төтенше жағдайдағы қауіпсіздік әрекеттерін білімгерлер мен қызметкерлерге ұғындыру мақсатында оқу-жаттығу өтті.
Оқу топтары төтенше жағдай туралы дабыл қағылған сәттен бастап белгіленген схемаға сәйкес 4 минут ішінде оқу ғимаратын тастап шықты. Ғимараттан қауіпсіз алаңға барлық топтардың білімгерлері және қоллдеж қызметкерлері мен оқытушылары сапқа тұрғызылып, пән оқытушысы тарапынан оқу журналы бойынша түгелдеу жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның барысын қадағалаған Талас аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің азаматтық қорғау инженері аға лейтенант А.Белдеев жүргізілген әрекеттерді саралап, орын алған кемшіліктерге талдау жасады. Сонымен қатар, төтенше жағдайда өрт сөндіру құралын пайдалану әдісін іс жүзінде көрсетіп, оған сипаттама берді.
Іс-шараның екінші бөлігінде А.Белдеев колледждің кіші қызметкерлерімен кездесу өткізіп, төтенше жағдай кезіндегі олардың тарапынан шұғыл орындалуы тиісті әрекеттер алгоритмін түсіндірді.
 
 

Комментарии (0)

Пока нет коментариев

Оставьте свой комментарий

Sign up or login to your account.
Вложения (0 / 3)
Share Your Location