13 сентября 2021
214

«Жас маман» жобасы

және 0902000 - «Электрмен қамту» мамандықтарына «Жас маман» жобасының бірінші кезеңі бойынша алынған қондырғылар, машина-механиздер келіп, арнайы дайындалған шеберханаларға алдын-ала жобаланған сызба бойынша орналастырылып, тоқ көздеріне жалғанды. Осы пайдалануға берілгелі отырған қондырғыларды қабылдау алдында «Жас маман» жобасымен келген қондырғыларды «қабылдау алу» жұмысшы комиссиясының құрамына өндіріс басшылары мен білікті инженерлік құрамы кіргізілген болатын.
2021 жылдың 10 қыркүйекінде сол білікті мамандардың қатысуымен арнайы дайындалған шеберханада қондырғылардың жұмысы, орналасу орны, тоқ көздеріне жалғану жағдайларымен танысу, кеңес беру мақсатында «Фортис Констракшн» ЖШС техникалық директоры Байболов Бекмұрат Рымтайұлы, «Талас аудандық электр желілері» ЖШС бас инженері Умирзақов Жазылбек Қойбағарұлы6 Талас аудандық маслихатының депутаты, аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі, колледждің қамқоршылық кеңесінің мүшесі Манатбек Нұрсұлтан Жексенұлы келіп, алынған қондырғылардың техникалық параметрлерімен, жұмысымен танысып, арнайы пән оқытушыларымен пікір алысып, тоқ көзіне жалғау, іске қосу барысында жүргізілетін жұмыстар бойынша кеңес берді.
Алдағы күндерде осы жұмыстар 1201000- «Автомобиль көлігінетехникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша да мекемеден білікті мамандардың қатысуымен жалғасатын болады.
 

Комментарии (0)

Пока нет коментариев

Оставьте свой комментарий

Sign up or login to your account.
Вложения (0 / 3)
Share Your Location