2021 жылдың 12-16 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы және жақын шетел оқу орындарының ынтымақтастығы аясында өткен «Тиімді білім беру әдістемелері мен технологияларын қолдану негізінде болашақ маманның құзыреттілігін қалыптастыру» атты халықаралық ашық білім беру форумына қатысты. Форумны4 ұйымдастырушылар «Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы» КММ, «Өскемен жоғары политехникалық колледжі» КМҚК, «Когалым политехникалық колледжі» БУ. Осы форум аясында оқытушы Н.К. Жүзбаев 15 сәуірде «Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру. Колледжде тәжірибеге бағытталған оқыту табысты маманның кепілі» «Бір фазалы түзеткіштің жұмысын зерттеу» тақырыбында электр және жылу энергетикасы бейіні бойынша мастер-класты өткізді. Осы еңбегі үшін алғыс хатпен марапатталды. Жүзбаев Н.К. еңбегіңізге табыс тілейміз.
24 апреля 2021
401