«Басқа халықтардан кем болмау үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек, күшті болуға бірлік керек» А. Байтұрсынұлы Бүгінгі күн мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай болашақ мамандарды оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Колледж құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсіби шеберлікті талап етеді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Еліміздің ертеңі- бүгінгі жас ұрпақ қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздар қолында» демекші ұстаздар қауымының алдына үлкен міндет жүктеп отыр. Білім мазмұнын жаңарту аясында колледж білім алушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту білім берудің басым мақсаттарының бірі ретінде айқындалып отыр. Осы мақсаттарды жүзеге асыруда оқытудың жаңа технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс тәжірибесі зерттеліп, білім жүйесіне енуде. Қаратау құрылыс –техникалық колледжінде ZUM платформасында 10 жылдан астам білікті еңбек өтілі бар «Информатика», «Арнайы пәндер оқытушысы» Гүлнар Жуманалиева мен «Арнайы пәндер» оқытушысы Айгүл Шымырбекова еңбек жолындағы педагогикалық тәжірибелерімен бөлісу мақсатында колледж оқытушыларына шығармашылық есебін берді. Г.Саламатқызының педагогикалық мақсаты: Студенттердің жеке басының ерекшелігін ескере отырып, таным белсенділігін арттыру, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы білім алушының дүниеге көзқарасын қалыптастыруға жол ашу, болашақ маманның шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында жұмыс жүргізетінін айтып өтсе, оқытушы А.Манапқызының педагогикалық мақсаты: Студенттердің біліктілігі мен болашағын ұштастыра отырып, ізденіп-зерттеушілігін, шығармашылықпен жұмыс жасау дағдысын жетілдіру арқылы өздігінен білім алуын және құзыреттілік қабілетін дамыту болды. Ертеңгі күннің бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал етіп, адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш ол – білім. Білім беру – оқытудың, тәрбие мен дамытудың үздіксіз процесі. Шығармашылық есепте педагогтар жұмыс тәжірибесін айқындайтын алғысөзімен бастап, еңбек жолдарына шолу жасап, жеткен жетістіктері туралы таныстырып өтті. Бекітілген пәндері бойынша тиімді технологияларды қолданып, нәтижесін диаграмма арқылы көрсете білді. Сондай –ақ, әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді педагог ізденіс арқылы студент қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарап іріктеп қолданады. Жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында пәндері мен практикалық сабақтарына жасаған оқу-әдістемелік кешендерін, әдістемелік нұсқаулықтары мен сабақтарына түсірілген бейне сабақтарын көрсетті. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Шығармашыл ұстаз – рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты» -деген ойын басшылыққа ала отырып жаңа заман форматындағы құзіретті тұлғаны тәрбиелеу ұстаз міндеті деп шығармашылық есептерін қорытындылады.
24 апреля 2021
479