08 апреля 2021
586

"Ашық есік" күні

Қаратау қаласында орналасқан М.Әуезов орта мектебі мен Лицейге кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу мақсатында "Ашық есік" күнін өткізді. Кездесу барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Индира Қожамбаева 2021-2022 оқу жылына 9-11 сынып базасында күндізгі және қашықтықтан оқыту бөлімдеріне мамандықтар бойынша талапкерлерді оқуға қабылдайтыны туралы айтып өтті. Одан бөлек колледждің оқу- өндірістік базасы, ғылыми- педагогикалық кадрлардың бүгінгі күннің талабына сай жұмыс жасайтынын айтты. Бөлім меңгеруші Нұржан Субинов арнайы мамандықтар бойынша өткізіліп жатқан шаралардың барысымен таныстырса, колледждің өзін-өзі баскару комитетінің басқарушысы Ақнұр Томан өздерінің атқарған жұмыстарын презентация арқылы көрсетіп, түсіндіру жұмысын жүргізді. "Ашық есік" соңында арнайы пән оқытушылары өздері дайындаған бейнероликтерін таныстырып шыкты.

Комментарии (0)

Пока нет коментариев

Оставьте свой комментарий

Sign up or login to your account.
Вложения (0 / 3)
Share Your Location