08 апреля 2021
471

«Талас –адалдық алаңы »

Талас ауданының 2021 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарының аясында , «Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам құрамыз » тақырыбында, бірінші курс студенттеріне арналып, дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның кіріспе бөлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплеанс –қызметтердің функциясын атқаратын құрылымдық бөлімшенің қызметкері Ғ.Ибраимов «Сыбайлас жемқорлық» ұғымына қысқаша түсініктеме беріп, Transparency International жаһандық антикоррупциялық қозғалысының 2020 жылғы сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша Қазақстанның рейтингтік көрсеткіштері соңғы үш жылда оң бағыттағы қозғалыста екендігін атап өтті. Сонымен қатар, аталған саладағы өзгерістердің баянды болу үшін Transparency International тарапынан белгіленген ұсыныстарға жеке-жеке тоқталып, талдау жасады.
«Талас –адалдық алаңы » жоба жетекшісі Ж. Жаңабек сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзімсіздікті қалыптырудың қоғам мен мемлекет үшін маңызы мен мәніне тоқталды. Осы бағытта дамыған демократиялық мемлекеттердің жетістіктері үлгі болатындығына назар аударды.
Іс-шараға «Таластың сөнбес сәулесі» қоғамдық қорының төрайымы А.Байболатова және Талас жастар ресурстық орталығының инспекторы А.Орынбек қатысып өз пікірлерін студенттер ортасына ұсынды.
 

Комментарии (0)

Пока нет коментариев

Оставьте свой комментарий

Sign up or login to your account.
Вложения (0 / 3)
Share Your Location