
06 апреля 2021
388
«ҮЗДІК АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА» ОБЛЫСТЫҚ СЫРТТАЙ БАЙҚАУЫ


Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен колледж педагогтеріне арналған «Үздік авторлық бағдарлама» облыстық байқауы 2021 жылдың 25 ақпанында сырттай өткізілді. Байқауға 15 колледжден 41 педагог қатысып, оқу-әдiстемелiк кешендер мен оқу-әдiстемелiк құралдар, авторлық бағдарламаларын ұсынды. Байқауға ұсынған материалдарды сараптау нәтижесінде Қаратау құрылыс-техникалық колледжінің оқытушысы Жүзбаев Нариман Күмісбекұлының жұмысы үздік деп танылып, -І орынға ие болды.