06 апреля 2021
538
«Бала тәрбиесі және құқықтық мәдениет»
Жамбыл облысы бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алудың, білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған облыс прокуратурасы, білім басқармасы және полиция департаментінің өзара іс- қимыл және есеп беру жөніндегі 2020- 2021 жылдарға арналған кешенді іс жоспарының 4 бөлігіне (Мектеп, колледждерде бала тәрбиесі мен профилактикалық шараларға бағытталған ата-аналар жиналысына қатысу) сәйкес, «Бала тәрбиесі және құқықтық мәдениет» атты тақырыпта ата-аналар жиналысы өтті.
Аталған іс-шараға Талас аудандық прокуратурасының аға прокуроры Қалмұратов Батыр Сапарұлы және аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы Нұров Лес Нұрылы қатысып, қоғамдық өзекті мәселенің күрмеуін тарқатты.

