онлайн пікірталас өткізді. Шара барысында атақты фантаст жазушы Рэй Бредберидің "Фаренгейт бойынша 451" антиутопиялық романы талданып, қазіргі қоғамдағы оқырман деңгейі, цензура және кітап сапасы сөз етілді. Қатысушыларға бейнеролик көрсетіліп, өзекті сұрақтар қойылды. Білімгерлер өз ойларын ортаға салып, барша қазақстандықтарды кітап оқуға үндеу керектігін айтып өтті. Сонымен қатар телевизиялық бағдарламалардың да көрермен деңгейіне сай өсу қажеттігін, әдебиетке, мәдениетке және ғылымға арналған бағдарламалардың саны арту керектігін жеткізді.