20 января 2021
400
«Бала тәрбиесі және құқықтық мәдениет»
білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған облыс прокуратурасы, білім басқармасы және полиция департаментінің өзара іс- қимыл және есеп беру жөніндегі 2020- 2021 жылдарға арналған кешенді іс жоспарының 4 бөлігіне (Мектеп, колледждерде бала тәрбиесі мен профилактикалық шараларға бағытталған ата-аналар жиналысына қатысу) сәйкес, «Бала тәрбиесі және құқықтық мәдениет» атты тақырыпта ата-аналар жиналысы өтті.



Аталған іс-шараға Талас аудандық прокуратурасының аға прокуроры Қалмұратов Батыр Сапарұлы және аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы Нұров Лес Нұрылы қатысып, қоғамдық өзекті мәселенің күрмеуін тарқатты.