26 января 2021
611
«Өндірістік-технологиялық» тәжірибесі
«Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шаралары кезеңінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру» жөніндегі әдістемелік ұсынымның 3 тарауы, «Дуальды оқыту кезінде сабақтар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, кәсіпорындардың және ТжКБ ұйымдарының базасында штаттық режимде өткізіледі» 48-ші тармақшасына сәйкес және ҚР Бас Мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №68 «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» қаулысының 14-тарауына сәйкес, оқу процесі 26. 01.2021ж. бастап аралас форматқа көшірілді.

Осыған сәйкес, «Дуальды оқыту» технологиясымен білім алып жатқан 0816-18-11б тобының студенттері 26.01.21ж-01.03.21ж. аралығына жоспарланған «Өндірістік-технологиялық» тәжірибесіне 20.11.2018ж. №312-336. 3-жақты келісім-шарт жасалған «Казфосфат» ЖШС мекемесінің базасына жіберілді. Суденттер бір жылға жуық үзілістен кейін өндірістік тәжірибесінің мекемеде жалғасатыны жөнінде алдын ала хабардар етіліп, мекеме басшысына ережеге сәйкес 10 күн бұрын колледжден шығарылған бұйрық пен студентердің тізімі жіберілді. Бүгін «Казфосфат» ЖШС, «Шолақтау»ТКӨКна қарасты «Техникалық бақылау және зерттеу жұмыстары» зертханасының оқу залында «кадр бөлімінің» бас маманы Есетова Райхан Зиятқызы, «Зерттеу жұмыстарының жетекші инженері Урлибай Раушан Куанышқызы, және «Техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» жөніндегі инженер Сәрсеков Ғабит Пернебекұлы тарапынан студенттерді «Техника қауіпсіздігі», ережелерімен танысу сабақтарын бастады. Сабақ 3 күнге жалғасып, нәтижесіне 3-4 студенттен әр зертханаларға бөлініп, әрқайсысына жауаптылар бекітілетін болады. Студенттер мекеменің қатаң тәртібіне сәйкес, бетперде, арнайы қолғап, бахиламен, халатпен қамтамасыз етілді. Оларға жеке куәліктері бойынша суреттері жапсырылған арнайы рұқсат қағаздар берілетін болады.
