18 февраля 2021
504

"Қыз бала гигиенасы және ерте жүктіліктің алдын алу"

ТАОА психологы Б. Сейдрашева және акушерка С. Берсигурова шақыртылып кездесу өтілді. Кездесу барысында кәмелеттік жасқа толмаған қыз балалардың жүктіліктің 90% отбасындағы тәрбиеге және қарым-қатынасқа байланысты келетінін яғни, жыныстық тәрбие туралы білімінің жеткіліксіз болуының , не болмаса ана мен қыз баланың ортасында ортақ, ашық әңгіменің аз болуының салдарынан туындайтын жағдайлар екендігі айтылды.

Сондай ақ, дәрігерлердің деректеріне сүйенсек, жылына елімізде 130 мыңға жуық жасанды түсік жасалатыны , соның 30 мыңға жуығы Алматы қаласында және түсік жасатқандардың ең жасы 13-14 жастағы жасөспірім қыздар екендігі түсіндірілді. Одан бөлек, "Ерте жүктілік деген не?", ""Ерте жүктілік немен қауіпті?", "Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады?", "Ерте жүктіліктің қандай профилактикасы бар?" сияқты сұрақтар қойылып студенттер мен белсенді пікірталас орнады. Кездесу соңында қыз -болашақ ана, бір әулеттің үлгілі келіні атанатындығын саналарына сіңіріп, әйелге деген үлкен жауапкершілік пен міндеттің жүктелетіндігі баса айтылды.

Комментарии (0)

Пока нет коментариев

Оставьте свой комментарий

Sign up or login to your account.
Вложения (0 / 3)
Share Your Location