18 февраля 2021
781

«Өміріңді бағала»

алдын алу жөніндегі 2020-2023 жылдарға арналған жол картасының аясында жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу мақсатында «Өміріңді бағала» тақырыбында қалалық мешіттің имамы Омарбек Асқармен кездеу өткізілді.
Іс-шара өзіне-өзі қол жұмсауға қарсы әлеуметтік бейнероликпен (https://www.youtube.com/watch?v=nfL_qbAR99w) басталып , дін өкілінің сөзімен жалғасты.
Өз кезегінде А.Омарбек: «Ислам дінінде өзіне-өзі қол жұмсау ауыр күнә, өлімнің азабы пенде ойлағандай бір сәттік нәрсе емес. Өзін өлтіру өзгені өлтіргеннен де жаман күнә»,- деп өз сөзін тұжырымдады. Сонымен қатар, қызметі барысында өзіне мәлім болған қайғылы оқиғаны қатысушыларға мәлім етіп (жалпы тұрғыда), оның себептері мен салдарларына талдау жасады. Әрі, осы бір отбасы қасіретінен басқалардың сабақ алуын өтінді.
Іс-шара М.Шаханов ағамыздың келесі өлең жолдарымен түйінделді:
Көтер қане басыңды, қалай мұның ?
Мұз болып кеткен бе, бар айбының?
Тағдырың неге сыр айтты сараң,
Өмірдің барлық сәтсіздіктерін
Бақытсыздық деп кім айтты саған?
Пендеге арманы жеткізіп пе еді,
Өз сорын өзі жеңбесе?
Өмірдің барлық сәтсіздіктері
Бақытсыздық емес ендеше.

Комментарии (0)

Пока нет коментариев

Оставьте свой комментарий

Sign up or login to your account.
Вложения (0 / 3)
Share Your Location