Сарапшылар колледж базасымен, ішкі құжаттармен танысып, әлеуметтік серіктестер, колледж бітірушілерімен кездесіп, сұхбат жүргізді. Сондай-ақ білімгерлерді тәжірибеден өтетін өндіріс орындарына, мекемелерге апарып, сұхбаттасып қайтты. Колледждің оқу үрдісіндегі сабақтарға қатысып, ұсыныстарын білдірді. Эксперттердің сараптау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесі алдағы уақытта шығады.