26 ноября 2019
848

«Кибербуллинг» тақырыбында зорлық – зомбылықтың алдын алу мақсатында семинар

Семинар – тренинг барысында студенттермен кері байланыс жасай отырып Кибербуллингтың адамды интернетте, әлеуметтік желілерде қорлану немесе қудалау екені түсіндірілді. Буллинг шындап адамға зиянын тигізеді, оның үмітсіздік пен шарасыздық күйге түсуіне себеп болады. Кей кездері буллингтің кесірінен адамдар өзін-өзі өлтіру жайында ойлап, өзіне қол жұмсауы мүмкін екендігі де түсіндірілді. Сондықтан буллинг қашанда жақсы емес, бірақ әр уақытта көмек сұрауға болады. Кез келген адамның кибербуллингке ұшырауы мүмкін екені, егер де ондай жағдай болып жатса(студенпен) оның өзінің кінәлі еместігі, онлайн қауіпсіздігін сақтау қажет екендігі ескертілді. Көмек сұраулары жайында қорықпауларын ескертілді.
Семинарда: Неліктен адамдар бұлай жасайды?; Егер сен кибербуллингке тап болсаң, не істеу керек?; Егер басқа біреу кибербуллингке ұшыраса ше? – деген сұрақтар студенттермен бірге талқыланды.
Семинардан кейін студенттермен тренинг элементтері бар ойындар жүргізілді. Тренинг 7 бөлімнен құралады. (Амандасу, «Менің ойымша» ойыны, «Жылы сөздер» ойыны, «Қоқыс жәшігі» ойыны, «Батпақ» (Болото) ойыны, Релаксация. Рефлексия). Тренинг барысында студенттердің қарым қатынастары нығая түсті.
Студенттер «Батпақ» ойынында өздерінің ұйымшылдығын өте жақсы көрсетті. «Жылы сөзер» ойынында студенттер бір біріне жүрекшені шынжыр әдісін қолдана отырып бір – біріне жылы лебіздерін білдірді. «Қоқыс жәшігі» ойынында студенттер өздерінің бойындағы жаман қасиеттерін атап олардан арылу мақсатында қоқыс жәшігіне тастады. Соңғы бөлімде студенттер өздерінің осы семинар – тренингтен алған білімдерімен және әсерлерімен бөлісті.

Комментарии (0)

Пока нет коментариев

Оставьте свой комментарий

Sign up or login to your account.
Вложения (0 / 3)
Share Your Location