Іс-шараны жүргізуші директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ.Ибраимов «Жемқорлық» ұғымына түсініктеме беріп, «Тransparency international» халықаралық ұйымының жемқорлыққа қарсы рейтингісі бойынша төменгі орындардың бірін иеленіп отырғандығына назар аударды. Яғни, жемқорлық мемлекет пен қоғам дамуына басты тұсау болып отыр деп, мәселені «қадаға байлады» . Осы бағытта қазақ мемлекеттігінің қалыптасу тарихына көз жүгіртіп, ұлтымыздың дара тұлғаларының көзқарасынан сыр шертіп, болашақпен байланыстырды.
Студенттердің сұрақтары мен жеке пікірлері тәрбие сағатының көркін қыздырды.
17 ноября 2019
850